Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Цереброваскулярлық кеселдердегі мейірбикелік үдеріс

Бұл кеселдер ми қан айналысының жедел бұзылуларымен (МҚАЖБ) сипатталады. Олардың даму фоны атеросклероз және гипертониялық ауру болып табылады. Шын мәнiнде бұлар негiзiнен аталған екi кеселдiң, сирегiрек - симптоматикалық гипертензияның милық (церебралдық) бiлiнiстерi.
Бұл кеселдер өздерiнiң әлеуметтiк мәндiлiгi бойынша аурулардың жеке топтары ретiнде бөлек қарастырылады.
Экономикалық дамыған елдерде науқастылық және леталдық бойынша олар жүректiң ишемиялық кеселiн (ЖИК) жиiлiгi бойынша «қуып жеттi».
Ми қан айналысының жедел бұзылыстары арасында мидың өтпелi (транзиторлы) ишемиясы және инсульт ажыратылады. Инсультте ми заты зақымданады және оның қызметтерi бұзылады.
Геморрагиялық инсультте гематома қалыптасады және субарахноидалдық қан құйылу болады.
Ишемиялық инсультте мидың сұр затының жұмсару ошағы қалыптасады.
Бұл кеселдерде ангионевротикалық бұзылыстарға жетелейтiн психоэмоционалдық кернеудiң мәнi аса зор.
Мейiрбикелiк үдерiсте сырқаттағы салдану, iшiнара салдану және жүйке жүйесiнiң зақымдану ерекшелiктерi ескерiлуi тиiс. Сол себептi олармен қарым-қатынас жасағанда жылы сөйлеу, мазаламау, тыныштық сақтау маңызды.         

Казна Ибрагимовна АХМЕДОВА,
мейірбике,
неврологиялық кабинет,
облыстық кеңес беру-диагностикалық орталығы

Сурет www.likar.info сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (09.03.2015)
Просмотров: 925 | Теги: мейірбикелік үдеріс, цереброваскулярлық кеселдер, ЖИК, казна, МҚАЖБ, Ахмедова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]