Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Церебералдық инсульттегі физиотерапия

Ми қан тамырларының тромбозынан кейін ерте оңалту кезеңінде Вермель бойынша эуфиллиннің электрофорезі қолданылады. Электрофорезді емдік дене шынықтырумен (ЕДШ) және массажбен бірге жасайды. 4-6 аптадан соң инсульттің сипатына қарай (эмболия, ишемия, қан құйылу) қалыпты артериалды қысымда йод пен бромның электрофорезін қолдануға болады.
Инсульттен кейінгі ерте оңалту кезеңінде ишемия ошағына аса жоғары жиіліктегі терапияның (АЖЖТ), дециметрлік толқынды терапияның (ДТТ) және айнымалы магниттік өрістің ықпалды қолданылуы дәлелденген.
Айнымалы магниттік өрісті төбе-самай аумағына қолданады. Емдеу курсынан кейін бұлшықеттердегі түйілу (спазм) құбылысы, бас аурулар азаяды, науқастың жалпы жағдайы, қозғалыс белсенділігі жақсарады. УЖЖ ми құрылымдарына және қан айналуына әсер етеді. Емдеу шаралары кешеніне салданған қол-аяқтарға массаж жасау да кіреді.

Бибигуль Бахтыбековна АРЫНОВА,
мейірбике,
физиотерапевтік кабинет,
“№5 қалалық емхана” ШЖҚ МКК

Сурет insultanet.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (05.04.2015)
Просмотров: 1042 | Теги: УЖЖ, арынова, АЖЖТ, ДТТ, бибигуль, ЕДШ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]