Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Бүйректің түйіліп ауыруы (коликасы)

Бүйрек коликасы оның түбекшелерінен зәрдің ағу жолында кедергі болғанда тұтқиылдан дамиды. Ұстама кенеттен басталады. Оны көбіне денеге күш түсу, зорығу шақырады. Алайда бүйрек коликасының тыныш кезде, ұйқы кезінде, көбіне сұйықты көп ішкенде туындауы мүмкін. Ауыру сипаты тынышталу мен асқыну кезеңдерімен бірге кесіп ауыру.
Науқастар өздерін мазасыз ұстайды, төсекте өз зардабын жеңілдететіндей кейіп іздеп аласұрады. Бүйрек коликасының ұстамасы кейде созылмалы сипатта және қысқа ремиссия иеленіп, бірнеше күн қатарынан созылуы мүмкін.
Ауыру, шарт бойынша бел аумағынан басталып, қабырға астына және ішке таралады. Оған тән белгі ауырудың зәр ағар бойымен қуықтың тұсына, еркектерде ен қалтасына, әйелдерде жыныстық ернеуге, санға беріледі.
Ауыру әдетте зәрге шығуға жиі шақырыспен және уретрадағы кесіп ауырумен білінеді.
Бүйрек коликасы медицина қызметкерлерінен шұғыл көмекті талап ететін жағдай. Сол себепті мейірбике бұл кездегі алғашқы көмек шараларын білуі қажет.     

Алия Тагайбековна СУИНДИКОВА,
“Мәдениет” дәрігерлік амбулаториясы,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы

Сурет www.syl.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (09.04.2015)
Просмотров: 2383 | Теги: белгілері, бүйрек коликасы, суиндикова, алия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]