Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Бүйрек түйілуіндегі (коликасындағы) шұғыл көмек

Бүйрек түйілуінде (коликасында) бел тұсында бір- немесе екі жақты ұстамаға ұқсас ауыру болады. Ауыру шапқа, ен қалтасына, жыныстық ернеуге, санның алдыңғы немесе ішкі бетіне иррадиацияланады. Сондай-ақ жүрек айну, құсу, стул және газдың кідірісімен бірге іштің кебуі, дизуриялық бұзылыстар байқалады. Қозғалыстық мазасыздануда науқас ауыру бәсеңдейтін немесе тиылатын кейіп (поза) іздейді. Іш жұмсақ, зәр ағар бойымен аздап ауырады немесе ауырмайды. Бүйрек аумағында белді соққылау ауыртпалы, іш пердесінің тітіркену симптомдары теріс, тілі ылғалды. Науқастың анамнезінде бүйрекке тас байлану кеселі бар.

Шұғыл медициналық көмек:
1) бұлшықетке аналгиннің 50% - 2-5 мл ерітіндісін немесе тері астына атропин сульфаттың 0,1% - 1,0 мл ерітіндісін немесе платифиллин гидротартраттың 0,2% - 1,0 мл ерітіндісін тері астына енгізу;
2) бел аумағына ыстық жылытқышты қою немесе (қарсылық болмағанда) науқасты ыстық ваннаға отырғызу. Оны жеке қалдыруға болмайды, жалпы хәлін, тамыр соғысын, тыныс алу қозғалыс жиілігін, қан қысымын, тері жамылғыларының түсін қадағалау керек;
3) ауруханаға жатқызу (госпитализация): алғаш рет туындаған ұстамада, гипертермияда, ұстаманың бетін қайтару үй жағдайында мүмкін болмағанда, тәулік бойына ұстама қайталанғанда.
Бүйректің түйілуі зат алмасу бұзылғанда пайда болатын бүйрекке тас байлану кеселінің асқынуы болып табылады. Ауыру ұстамасының себебі тастың жылжуы және оның зәрағарға түсуінен.

Гульнар Ерлегеновна АХМЕТОВА,
шақыру фельдшері,
Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем стансасы

Сурет www.rusmedserver.ru сайтынан алынды

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (09.06.2015)
Просмотров: 1994 | Теги: бүйрек түйілуі (коликасы), ахметова, гульнар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]