Бүйрек кеселдеріндегі негізгі белгілер:
- бел тұсындағы ауырсыну;
- несеп шығару ауытқулары;
- түрлі ісіктер;
- бастың ауыруы мен айналуы;
- қан қысымының жоғарылауы;
- зәр түсінің өзгеруі.
Мейірбикелік үдерісте науқастың шағымдары, терісі мен шырышты қабықтардың түсінің өзгеруіне, ісік түрлері мен орналасу аумақтарына, артериалдық қысымының артуына және зәр түсінің өзгеруіне назар аударылады.
Мейірбикелік күтім:
- науқас адаммен оның кеселі туралы сұхбаттасу;
- пациентке жүргізілетін тексеру әдістері, қан мен несеп талдауы, рентгенологиялық зерттеу туралы түсінік беріледі
- дәрігер нұсқауларын бұлжытпай орындау;
- шектелген ас тұзы мен сұйық мөлшерін қадағалау;
- пациенттің жақындарына сырқатқа күтім жасау туралы ақпарат беру.
- пациентте қызба болғанда мол сұйық ішкізу (шырын, компот, шәй),
басына мұзды мұйық ілу;
- диета құрамынан ащы, тұзды тағамдарды, ішімдікті шектеу.
Созылмалы бүйрек аурулары ішкі ағзалардың ауыр кеселдері қатарына жатады, әрі қатерлі асқынулар мұнда жиі болады. Мейірбике сол себепті бұл аурулардың негізгі белгілерін, оның асқынуларын жақсы білуі, пациентке мейірбикелік күтімді талапқа сай ұйымдастыруы керек.
Замира Орынбасарқызы ҚҰЛБАЕВА,
мейірбике,
«Мәдениет» ауылдық ауруханасы,
«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы
Сурет zhkt.guru сайтынан алынды
|