Бүйректік ісіктер таңертең бетте жиі пайда болады (бет ісінеді, көз астындағы “қалталар”). Сондай-ақ олар аяқтарды симметриялы зақымдайды.
Мейірбикелік көмек
1 Пациентке және оның туыстарына тұзы шектелген, ақуыздар мен калийі мол диетаны сақтауды түсіндіру (№7 стол).
2. Туысқандары әкелетін сәлемдемелерді тексеру.
3. Науқастардың терісі мен шырышты қабықтарына күтім жасауды қамтамасыз ету.
4. Пациенттің күнделікті сулық балансын анықтап, оның физиологиялық бөліністерінің режіміне бақылау жасау.
5. Төсекте оны жылыту үшін жылытқыш беру.
6. Пациенттің салмағын күнделікті өлшеу.
7. Дәрігер нұсқаған дәрілерді уақытында қабылдауын қамтамасыз ету.
Лаззат Курбановна АКИМОВА,
мейірбике,
“Аманкелді” бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Сырдария аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Сырдария ауданы
Сурет elhow.ru сайтынан алынды
|