Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Бронхоэктатикалық кесел

Ірің түрінде экссудаттың түзілуімен бірге өкпені зақымдаумен сипатталатын дерттерді – “өкпенің іріңді кеселдері” (ӨІК) деп атайды. ӨІК-не іріңді-қабынулы аурулар: бронхоэктатикалық кесел (БК), өкпенің абсцесі мен гангренасы жатады.
Бронхоэктатикалық кеселде бронхтар кеңейеді және іріңдік асқынуларға бейім болады. Үдеріс (процесс) көбіне өкпенің төменгі бөлігінде орналасады.
Кеселдің ұзақ жылғы ағымында және дерт үдегенде ішкі ағзалардың амилоидозының, өкпелік-жүректік тапшылыққа (ӨЖТ) өтетін “өкпелік жүрек” сияқты асқынулардың дамуы мүмкін.
Кесел біліністері:
- таңертең оянғанда және кешке ұйқыға кетерде тұрақты  және жүйелі болатын іріңді қақырықпен бірге жөтел;
- қан тастау;
- тыныс алу кезіндегі кеуде клеткасындағы ауыру;
- бөшкеге ұқсаған кеуде клеткасы;
-  тырнақтары “сағат шынылары” түрінде;
- саусақтардың “барабан таяқшалары” түрінде деформациялануы.   

Алия Тагайбековна СУИНДИКОВА,
“Мәдениет” дәрігерлік амбулаториясы,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы

Сурет udoktora.net сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (09.04.2015)
Просмотров: 1143 | Теги: ӨІК, суиндикова, алия, ӨЖТ, бронхоэктатикалық кесел (БК) | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]