Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Бронхиалды астмасы бар науқастарды мейірбикелік тексеру

Тексеру кезінде мейірбике пациенттің кейіпіне (керуеттің шетіне, орындыққа қолын тіреп отыруы), ентігу сипатына (экспираторлық), дистаницялық әр түрлі тембрдегі сырылдардың болуына, тері, бет, ерін түсіне (цианоз, бозару), бет әлпетіндегі үрейге көңіл аударады.
Объективтік тексеруде тамыр соғысының сипатын (тахикардия, жеткіліксіз толу және қатаю) бағалайды, артериалды қысым (АҚ) өлшенеді (төмендеген).
Пациенттің проблемаларын анықтау: тұншығудан өлу қорқынышы, тыныс алу қажеттілігінің бұзылуы – экспираторлық ентігу, ұсақ бронхтардың түйілуі (спазмы) шақырған тұншығу, бронхтарда жабысқақ, қою қақырықтың пайда болуынан туындаған өнімсіз жөтел, тыныс алу тапшылығы нәтижесіндегі тахикардия және әлсіз тамыр соғысы, тыныс алу бұзылысынан пайда болған гипоксия нәтижесі ретіндегі тері цианозы (бозаруы).
Мейірбике мейірбикелік араласу нәтижесіне, көмек көрсетуге, күтім жасау шараларына пациенттің реакцияларын бағалайды. Егер жоспарда бірдеме орындалмаса, мейірбике өз әрекетін дәрігермен келісіп, көмегін жалғастыра береді.

Маржанкүл Оралбайқызы КЕМЕЛОВА,
мейірбике,
терапевтік бөлімше,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Қармақшы аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жосалы қыстағы,
Қармақшы ауданы

Сурет transfer-factors.ru398 × 313  сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (23.03.2015)
Просмотров: 888 | Теги: кемелова, мейірбикелік тексеру, бронхиалды астма, маржанкул | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]