Дамыған елдерде соңғы жылдары аллергологтардың, пульмонологтардың санының көбеюіне, астмаға қарсы және диагностикалық бұйымдардың өсуіне қарамастан бронхиалды астманың таралуы мен өлім жағдайының өсуі байқалады.
Нашарлатушы (ықпал етуші) факторлар мына индукторлардың әсеріне бронхиалды астманың даму ықтималдығын артырады. Олар: респираторлы жұқпалар, белсенді (активті) және пассивті шылым шегу, ауаның ластануы, туғандағы төменгі салмақ, паразитарлық инфекциялар.
Бронхиалды астманың профилактикасының мәні жедел респираторлық кеселдердің, созылмалы бронхиттің алдын алуда және дер кезінде емдеуде, жұқпа ошақтарын санациялауда.
Химиялық заводтарда қауіпсіздік техникасын сақтаудың, экологияны сауықтырудың маңызы зор. Екінші реттік профилактиканы емханаларда пациенттерді диспансеризациялау желісі бойынша өткізеді.
Бронхиалды астмасы бар науқастардың аймақтық дәрігерлерде диспансерлік есепте тұруы қажет.
Тымар Избасаровна МЫКТЫБАЕВА,
терапевтік аймақ мейірбикесі,
“№3 қалалық емхана” ШЖҚ МКК
Сурет ingalin.ru сайтынан алынды
|