Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Бронхиалды астманың профилактикасы

Бронхиалды астма – тыныс алу жолдарының созылмалы кеселі. Оның себебі тыныс алу ағзаларының жұқпалық қабынуы. Бронхиалды астманың профилактикасы бірінші реттік және екінші реттік болып бөлінеді.
Астмаға ішкі қоздырғыш ретінде иммундық және эндокриндік жүйелердің патологиялары, сондай-ақ ата-тектік факторлар танылған. Сыртқы тітіркендіргіштерге химиялық, механикалық, ауа райы факторлары, стресстік жағдайлар, сонымен қатар әр түрлі аллергендер жатады.
Бірінші реттік профилактиканың мәні пассивті және белсенді (активті) шылым шегуден бас тарту, салауатты өмір салты, зиянсыз жерде жұмыс істеу мен вирустық кеселдердің алдын алу.
Бронхиалды астманың екінші реттік профилактикасы тыныс алу ағзаларының созылмалы жұқпаларымен күресу, аллергендермен аз контакттың өзін болдырмау, организмді шынықтыру, тыныс алу гимнастикасы, өзіне өзі массаж жасау, инемен емдеу, темекіні тастау және алкогольдік ішімдіктерді шектеу болып табылады.

Калжан Забаровна КОЖАХМЕТОВА,
мейірбике,
орталықтандырылған зарарсыздандыру бөлімшесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы      

Сурет www.medweb.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (19.01.2015)
Просмотров: 938 | Теги: кожахметова, Калжан, бронхиалды астма, профилактика | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]