Бронхиалды астмадағы (БА) мейірбикелік үдеріс мейірбикелік тексеруден басталады. Пациенттен сұрау кезінде мейірбике тұншығу ұстамасының, жөтелдің туындау жағдайын пысықтайды, оларды не шақыратынын, не тоқтататынын, қандай дәрілердің (тағамның) науқасқа жақпайтынын біледі.
Бронхиалды астманың нақтылануында тыңғылықты жиналған анамнездің маңызы зор.
Тұншығу ұстамасының алдында не болады:
- БА-ның атопиялық нұсқасындағы жұқпалы емес алллергендермен: шаңдық, тұрмыстық, өндірістік, тағамдық, дәрі-дәрмектік және басқаларымен контакт;
- инфекциялық-тәуелді нұсқасы бар науқастарда инфекциялық текті тыныс алу ағзаларының қабыну кеселдері;
- гормондық тәуелділікте сырқат жағдайының нашарлауы гормондардың дозасын азайтқанда;
- дизовариалдық нұсқада – жай-күйдің нашарлауы етеккір цикліне байланысты;
- нервтік-психикалық стресс, отбасы мен жұмыстағы әр түрлі келеңсіздіктер нервтік-психикалық нұсқада;
- аспирин мен басқа ерекшеліктік емес қабынуға қарсы препараттарды қабылдау;
- асқынған ата тек – жақын туыстарында БА мен аллергиялық кеселдердің болуы.
Жанар Нарикбаевна АЛТЫНБЕКОВА,
мейірбике,
“Аманкелді” ауылдық ауруханасы,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі
бар Сырдария аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Сырдария ауданы
Сурет www.rasteniya-lecarstvennie.ru сайтынан алынды
|