Бронхиалды астма шұғыл көмекті қажет ететін қатерлі жағдайлар қатарына жатады. Сондықтан бұл кезде мейірбикелік күтімді лайықты ұйымдастыру маңызды. Мейірбикелік күтімде алдымен науқастағы шағымдар, оны қарау кезіндегі өзгерістер, пациенттің проблемаларын анықтау атқарылады.
Мейірбикелік күтім:
- науқаспен адаммен оның кеселі және тұншығу ұстамасындағы әрекеттер туралы сұхбат;
- пациентті ыңғайлы отырғызу,денесін қысқан киімннен босату;
- таза ауамен қамтамасыз ету;
- сальбутамолмен 1 – 2 доза, қарттарға атровентпен ингаляция жасау;
- оттегі терапиясы (оксигенотерапия);
- пациентке көп мөлшерде жылы сұйық ішкізу;
- небулайзер арқылы бронходилятаторлар беру;
- дәрігердің нұсқауымен муколитиктер – амброксол, ацетилцистеин, бромгексин беру.
- тыныштықта не орташа физикалық жүктеме кезінде міндетті түрде мұрын арқылы дем алу;
- мүмкіндігінше тыныс алудың толық болуын қамтамасыз ету;
- күнделікті тыныс гимнастикасын жасау;
- пациентке астма – мектебіне баруға кеңес беру.
Астма мектебінде бронхиалды демікпенің даму механизмдері мен себептері және емдеу әдістері туралы емделушілерге жеткілікті ақпарат беріледі және тұншығудың бетін қайтару тәсілдері практикалық тұрғыда көрсетіледі.
Замира Орынбасарқызы ҚҰЛБАЕВА,
мейірбике,
«Мәдениет» ауылдық ауруханасы,
«Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы
Сурет 1psspb.ru сайтынан алынды
|