Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Бронхиалды астмадағы дәрігерге дейінгі көмек

Бронхиалды астманың ұстамасы тұтқиылдан басталады. Кеселдің аллергиялық тегі болатынын ұмытпаған жөн: науқастарда кейбір азық-түліктерге (құлпынай, цитрустар), кейбір иістерге (химиялық заттар, гүлдер), дәрі-дәрмектерге және тіпті шаңға жоғары сезімталдық байқалады. Сондықтан негізгі көмек науқасты асқынуды қоздыратын заттардан контактта болудан ажыратуға бағытталуы тиіс.
Бронхиалды астмадағы алғашқы көмек – бұл тыныш және байыпты жағдай жасау. Егер хәлі аса ауыр болмаса таза ауаның келуіне жағдай жасау және оған дәрігер жазып берген дәрілерді қабылдату қажет. Әдетте бұл сальбутамол және беротек аэрозольдары немесе теофидрин және эуфиллин дәрілері.
Егер кезекті ұстаманың бетін қайтару мүмкін болмаса немесе бұл кесел бұрын нақтыланбаса, жедел жәрдем шақырылады.
Дәрігерге дейінгі көмек: науқасты жатқызу, үстіне жылы көрпе жабу, жылы сұйықты аздап жұтқызып ішкізу, қолға білекке дейін ыстық ванна жасау.  

Турсункуль Убайдуллаевна САРИЕВА,
аға мейірбике,
нәрестелер реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесі,
“облыстық перинаталдық орталық” МКҚК

Сурет otlichnoezdorovie.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 1102 | Теги: турсункуль, бронхиалды астма, дәрігерге дейінгі көмек, сариева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]