Бронхиалды астма – бұл бронхиалдық өткізгіштіктің бұзылуымен сабақтас кезең сайын туындайтын экспираторлық ентігу (тұншығу) ұстамаларымен сипатталатын созылмалы кесел.
Адамда аллергияны (жоғары сезімталдықтықты) және оған байланысты әр түрлі кеселдерді шақыруға қабілетті көптеген заттар қоршаған ортада жеткілікті. Бірақ оларға жоғары сезімталдық барлық адамдарда бола бермейді.
Кейбір адамның организмінің бұл қабілетін кейде “аллергиялық конституция” деп атайды. Ол вегетативтік нерв жүйесінің жоғары қозуымен, ұсақ қан тамырларының (капиллярлардың) арта түскен сіңіргіштігімен және адам организміндегі зат алмасудың кейбір ерекшеліктерімен сипатталады. Аллергиялық кеселдерге жас организм көбірек бейім.
Бронхиалды астмада ыждағатты жиналған анамнез көп нәрсе береді. Сол арқылы қандай заттың немесе қандай фактордың сырқатта кесел шақыратыны белгілі болады.
Айжамал Султановна ИЗТАЕВА,
мейірбике,
“Мәдениет” бөлімшесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы
Сурет medafarm.ru сайтынан алынды
|