Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


БРОНХИАЛДЫ АСТМА

Бронхиалды астма (БА) – бұл тыныс алу жолдарының созылмалы қабынулы кеселі. Ол қайтымды обструкциямен (тұтқиылдан немесе бронходилататорлардың әсерінен) және бронхтардың гипербелсенді құбылысымен сипатталады.
БА-ның негізгі симптомдары ентігу эпизодтары, ысқырулы сырылдар, жөтел мен кеуде клеткасындағы қысылу болып табылады. Дерттің асқынуын шақыратын факторлардың маңызы бар.
Аталған симптомдардың түтінмен, газдармен, өткір иістермен контактта болғанда және денеге күш түскенде дамуы, түн мезгілінде асқынуы және базистік терапияға жауап ретінде азаюы мүмкін. 
Асқыну уақытында көгеру (цианоз), маужырау, қиналып сөйлеу, тахикардия білінеді. 
Асқынуға тән сурет тұншығу ұстамасы болып табылады. Науқас еріксіз кейіп иеленеді (отырғанда столға немесе орындыққа сүйенеді). Науқас адам қысқа дем алады және үзіліссіз ұзаққа созылған азаптаулы, дистанциялы сырылдармен бірге жүретін дем шығару жасайды. Ұстама кезі шұғыл көмекті талап етеді.     

Анар Кодаровна БАЙНАКАТОВА,
терапиялық кабинет мейірбикесі,
“Амбулаториялық-емханалық қызметі бар
Жалағаш аудандық ауруханасы” ШЖҚ МКК,
Жалағаш ауданы 

Сурет medsi.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (12.04.2015)
Просмотров: 1304 | Теги: ба, Анар, байнакатова, симптомдары | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]