Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


БЕЗГЕКТІҢ БЕЛГІСІ. МЕЙІРБИКЕ КЕҢЕСІ

Көктем келіп, жаз шыққан мерзім табиғатпен бірге жанданатын түрлі қауіпті ауру қоздырғыштардың белсенді болатын уақыты. Осы кезде сақтанып, денсаулығымызға зер салып жүрмесек болмайды. Сондай қауіпті кеселдердің бірі Конго – Қырым қанды безгегі.
Кенеден келетін Конго – Қырым қанды безгегі кеселі көбіне ауылшаруашылық (мал бағу, күту, сиыр сауу, шөп шабу, отын дайындау т.б.) жұмыстарын атқару кезінде кене шағуы арқылы жұғады. Бұл 68 пайызды құрайды, ал ауру адамнан жұқтыру 32 пайыз.
Аурудың жасырын кезеңі 14 күнге дейін созылады. Жұғуы өте тез. Бірінші кезеңде адамның дене қызуы 39-40 градустан асып, басы ауырып, денесі түршігіп, қалшылдап, беті мен адамның шырышты қабыршақтары қызарады. Адамның дәрмені құрып, бұлшықеттері ауырып, буындары қақсап, жүрегі айнып, құсады. 2-4 күннен кейін аурудың қанталау белгілері басталады. Науқастың жағдайы күрт нашарлап, шырышты қабыршақтары мен терілерінің кейбір жерлері қанталап, бөртіп, қызылдақтанып, ішкі ағзаларынан, мұрнынан, тістерінің қызыл еттерінен, кене шаққан жерлерінен қан кетеді. Аурудың негізгі белгісі безгек 12 күнге созылады. Өкпенің қабынуы, ісінуі, бүйректің қызметі әлсіреп, аурудың қайтыс болуына себепші болады.

Мейрамгуль Кудайбергеновна КАРГАБАЕВА,
аға мейірбике,
№2 өкпе туберкулез бөлімшесі,
облыстық туберкулезге қарсы диспансер

Сурет www.mediatv.kz сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (19.01.2015)
Просмотров: 1034 | Теги: Конго – Қырым қанды безгегі, Каргабаева, мейрамгуль | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]