Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Бауыр қатпасындағы мейірбикелік күтім

Бауыр қатпасы бауыр тiнiнiң дистрофиясымен және некрозымен сипатталатын созылмалы үдемелi дерт.
Мейiрбикелiк күтiм:
- пациентпен және оның туыстарымен жануар майлары шектелген және ақуыздары, көмiрсулары мен дәрумендерi мол емдәмдi қатаң сақтау қажеттiгi туралы сұхбат өткiзу;
- пациентке жартылай төсек режiмiн қамтамасыз ету;
- алкогольдi iшiмдiктен түбегейлi бас тартуға пациенттiң көзiн жеткiзу;
- құсу, iш кебу кезiнде көмек беру;
- пациент терiсiне күтiм жасау;
- қан кету кезiнде алғашқы көмек көрсете бiлу;
- пациенттi қанның биохимиялық талдауына, iш қуысы ағзаларын ультрадыбыстық зерттеуге, холецистографияға, бауырды сканирлеуге дайындау;
- пациенттiң толыққанды ұйқысын қамтамасыз ету;
пациенттi диетаны, тамақтану режiмiн қатаң сақтауға, дәрiлiк препараттарды үздiксiз қабылдауға иландыру.

Айжан АЛЖАНОВА,
мейірбике,
“Қожакент” ауылдық ауруханасы,
Жаңақорған ауданы

Сурет antiparazit.info сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (21.01.2015)
Просмотров: 1165 | Теги: бауыр қатпасы, мейірбикелік күтім, алжанова, айжан | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]