Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Бауыр обырының (рагінің) профилактикасы

Дүние жүзінде бауыр обырының даму тәуекелінің ең маңызды факторы В немесе С созылмалы вирустық гепатиттері болып табылады. В вирустық гепатитіне қарсы вакцина 1980 жылы ойлап табылған. Бұл вакцинаны барлық балаларға, сонымен қатар жоғары қауіп тобындағы ересек адамдарға егу көзделген. Біраз уақыт гепатит жұқтыруының қауіпі құюға арналған қан препараттарында сақталған болатын. Қазіргі кезде донордың қандары гепатит вирустарына ыждағатты тексеріледі.
Бауыр рагінің қауіпін төмендетуге темекіден бас тарту көмектеседі. Сондай-ақ алкогольді шамадан артық тұтынуды шектеу дерттің алдын алудың бір жолы.
Дәндік және басқа азық-түліктерді сақтау тәсілін өзгерту афлатоксиндер сияқты канцерогендердің адам организміне тигізер зиянын төмендетуге ерік береді.
Кейбір ата-текпен берілетін кеселдердің бауыр циррозын шақыруы, одан әрі бауыр обырының даму қауіпін арттыруы мүмкін. Мұндай жағдайларды анықтау және емдеу қауіпті сейілтуге көмектеседі.  

Тымар Абдигазиевна КАЛЖАНОВА,
онкологиялық кабинет мейірбикесі,
“№5 қалалық емхана” ШЖҚ МКК

Сурет rakya.ru сайтынан алынды

   

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (05.04.2015)
Просмотров: 1477 | Теги: калжанова, афлотоксиндер, профилактика, бауыр обыры (рагі), тымар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]