Кенеттен дамитын бас айналу ми қан айналысының жедел бұзылуының немесе вестибулярлық аппараттың зақымдану белгiсi болуы мүмкiн. Вестибулярлық бас айналуға есiтудiң бұзылуымен бiрге заттардың белгiлi бiр тұсқа айнаулы тән. Әдетте жедел пайда болатын бас айналу тепе-теңдiктiң бұзылуымен, жүрек айнуымен, құсумен бiрге жүредi. Гипертониялық кризге қан қысымының артуымен бiрге болатын бас айналу тән.
Мейiрбикелiк тактика
Жедел бас айналу туындаған науқас адамды бас жағын жоғары етiп жатқызу, аяғына жылытқыш қою қажет.
Таза ауаның келуiн қамтамсыз етiп, денесiн қысып тұрған киiмнен босатқан жөн. Қан қысымын өлшеп, тамыр соғысын, тыныс алу жиiлiгiн анықтайды. Бас айналу мен жүрек айнуын азайту үшiн атропинi бар препараттарды (белладона, беллоид, белласпон) бередi.
Жедел дәрiгер шақырып, оның тағайындаған дәрi-дәрмектерiн енгiзедi. Одан соң басы айналған адамды ұдайы қадағалап, оның бойында болып жатқан өзгерiстердi дәрiгерге мұқият хабарлап отырады.
Бота Айтуғановна ЖУМАГУЛОВА,
кезекші мейірбике,
“Казлепрозорий” ММ
Сурет spine5.com сайтынан алынды
|