Жүктіліктің ортасында көптеген балалар жатырда жамбасымен орналасады: 28 аптада мұндай нәрестелер шамамен 20%, көптеген балалар 32-36 аптада тууға дайындалып төмен түседі және олардың көбісі басымен төмен қарап жатады. Тек кейбірі (3-4%) жамбаспен жатқан күйінде қалады.
Мұндай жағдайға не себеп?
Оның бірнеше себебі бар:
- әйелдің жамбасы тар немесе дұрыс емес формада, балаға онда басымен жату ыңғайсыз, сол себепті ол бұрылып жамбаспен орналасады;
- балаға бірдеме бөгет болады, мысалы миома немесе төмен орналасқан плацента;
- әйелдің жатыры жұмсақ – мұндай құбылыс бірнеше рет бала туғандарда кездеседі.
Баланың жамбаспен келуінің қауіпі:
- кіндік баудың қынапқа құлауы мүмкін және бала оттегін аздау алады. Мұндай қауіп аяқпен келуде арта түседі;
- бала босану жолына бейімделуге тырысып, оның өз буындарын зақымдап алуы мүмкін;
- баланың жамбасы мен жыныс ағзалары туу кезінде қатты ісінеді;
- егер баланың басы өте тез сыртқа шықса, оны зақымдап алу қауіпі бар.
Жүктіліктің соңғы мерзімінде баланың басы жоғары болса, онда мынадай амалдар жасалады: баланы дұрыс кейіпке бұруға тырысу; жоспарлы кесарев кесуіне шешім жасау.
Индира Сериккалиевна УТЕПОВА,
акушерка,
№1 туу бөлімшесі,
“облыстық перинаталдық орталық” МКҚК
Сурет beremennostponedelyam.ru сайтынан алынды
|