Ересектерге қарағанда балалар ми қабықтарының туберкулезімен (туберкулездік менингитпен) жиі ауырады. Бұл өте ауыр дерт. Туберкулездік менингиттің белгілері бірден пайда болмайды, кесел екі-үш апта бойына дамиды. Бала сұлқ түседі, мазасызданады, тәбетін жоғалтады, бас ауруына шағымданады, оның температурасы көтеріледі, одан соң құсу мен құрысулар білінеді.
Ми қабықтарының туберкулезі көбіне туберкулездің ашық түрімен ауыратын науқасы бар отбасыларында пайда болады. Сондықтан мұндай отбасыларында баланың денсаулық жағдайы мұқият қадағалануы және кеселдің аздаған белгілері білінгенде дәрігерге шұғыл қаратылуы тиіс. Дер кезіндегі емдеу баланың өмірін сақтауға жәрдемдеседі.
Соңғы жылдары жаңа ұрпақтағы антибактериалды препараттарды қолдану нәтижесінде ми қабықтарында дамыған туберкулез ошақтары жойылып, науқас толықтай сауығуда.
Алтынай Кулмагамбетовна КОЖАХМЕТОВА,
мейірбике,
балалар бөлімшесі,
облыстық туберкулезге қарсы диспансер
Сурет rudok.ru сайтынан алынды
|