Гипертермияның алқызыл (қызыл) және ақ түрлері болады.
Шұғыл көмек
1. Баланы төсекке жатықзу.
2. Денесін қысқан киімін шешу, таза ауаның келуіне жағдай жасау.
3. Гипертемияның түрін анықтау (ақ немесе алқызыл). Егер ақ гипертермия болса – оны алқызылға ауыстыру (баланы жылыту, дәрігер нұқсауымен спазмолитиктер болып табылатын но-шпа немесе никотин қышқылы, немесе папаверин препараттарын енгізу).
4. Температураның көрсеткіштеріне байланысты мына шараларды жасау:
а) 37,0 – 37,5оС – көп сұйық ішкізу;
б) 37,5 – 38,0 оС – физикалық салқындату;
в) 38 – 38,5оС – энтералды ыстық түсіретін шырағданды енгізу;
г) 38,5оС және одан жоғары болғанда дәрігер нұсқауымен литикалық қоспаны вена ішіне немесе бұлшық етке салу:
- анальгин,
- димедрол,
- папаверин.
2-30 минуттен соң термометрия қайталанады. Қайталау термометрия көрсеткіштеріне сүйене отырып өткізілетін шаралар түзетіледі (коррекцияланады).
Аккалам Амандыковна ЖУСУПОВА,
мейірбике,
облыстық балалар ауруханасы
Сурет medfly.ru сайтынан алынды
|