Баланың церебралды салдануын (БЦС) емдеудің негізгі міндеті баланың ептіліктері мен машықтарын мүмкіндігінше толық дамыту.
Бұл үшін мыналар қолданылады:
- массаждың әр түрі;
- емдік гимнастика;
- рефлексотерапия (инерефлексті терапия);
- Войт әдісі;
- кинезотерапия;
- жүктемелі костюм, пневмокостюм;
- логопедтік жұмыс;
- электрмен емдеу;
- қосымша техникалық жабдықтарды қолдану.
Сондай-ақ қажетінше бұлшықеттердің тонусын төмендететін препараттар, ботулинотоксин препараттары, оперативтік ортопедиялық араласулар, функционалдық нейрохирургия пайдаланылады.
Қосымша бұзылыстар (қояншық /эпилепсия/ және т.б.) емделеді.
Сонымен қатар ерте сатыларында БЦС дамуының себебі болып табылатын негізгі кеселдерге қарсы ем қолданылады. Санаториялық-курорттық емнің, анималотерапияның пайдасы бар.
Аякоз Жамаловна КУЛУМБЕТОВА,
мейірбике,
БЦП бөлімшесі,
облыстық балалар ауруханасы
Сурет vzglead.md сайтынан алынды
|