Баланың церебралды параличінің (БЦП) проблемасы елімізде өзекті мәселелердің бірі болып есептеледі. Мұндай науқастарды оңалтуда алға мынадай мақсаттар қойылады:
- бұлшықет тонустарын қалыпқа келтіру;
- статокинетикалық рефлекстердің орнауына және оңтайлы білінуіне ықпал ету;
- буындарда деформация шақыратын қол-аяқтағы патологиялық нұсқаулардың алдын алу және оларды белсенді жеңу;
- бұлшықет сезімін, “дене нобайын”, кеңістіктік елестетулерді қайта қалпына келтіру;
- статика мен локомацияны түзету (коррекциялау), дене тепе-теңдігін, қол-аяқтардың тіреу қабілетін, координация дамуын біртіндеп қалпына келтіру.
Емдеу әдістері:
1. Кинезотерапия:
- арнайы дене жатығуларын жеке таңдау,
- көп функционалды тренажерлермен айналысу,
- постуралдық жаттығулар.
2. Арнайы физиотерапия.
3. Мануалдық терапия.
4. Рефлексотерапия.
5. Массаж.
6. Емдік дене шынықтыру (ЕДШ) және т.б.
Мерует Мұратбайқызы ӘДІЛОВА,
мейірбике,
“Республикалық балалар оңалту орталығы” АҚ
Қызылорда филиалы
Сурет www.medmira.ru сайтынан алынды
|