Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Балалардың жедел ішек жұқпаларының профилактикасы

Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ұйымының (ДДСҰ) нұсқауларына сәйкес жедел ішек жұқпалары (ЖІЖ) бактериалды, вирусты немесе протозойлы этиологиясы бар 30-дан астам кеселдерді біріктіреді. Олардың негізгі симптомы жедел диарея болып табылады.
Тағамдық инфекцияға тойтарыс берудің ДДСҰ ұсынған он ережесі:
1. Қауіпсіз тағамдық азық-түліктерді таңдау. Көптеген азық-түліктерді, мысалы, жемістер мен көкөністерді шикі күйінде тұтынуға болады. Бірақ сүтті қайнатып ішкен жөн.
2. Асты мұқият әзірлеу. Қайнату, қуыру кезінде тағамдағы бактериялар жойылып, ас қауіпсіз болады.
3. Асты даярлаған мерзімнен кешіктірмей тұтыну қажет.
4. Тағамдық азық-түліктерді ыждағатты сақтау. Ішілмей қалған тамақты аса ыстық күйде немесе тоңазытқышта сақтау керек.
5. Алдын ала әзірленген тағамды мұқият ысыту қажет.
6. Шикі азық-түлік пен дайын ас өнімдерінің контактта болуына жол бермеу.
7. Қолды жиі жуу.
8. Ас үйін мүлтіксіз тазалықта ұстау.
9. Тағамды насекомдардан, кеміргіштерден және басқа жануарлардан қорғау.
10.  Таза суды пайдалану.
Егер балада ЖІЖ-ның симптомдары (дене температурасының көтерілуі, құсу, стулдың бұзылуы, іштегі ауыру) білінсе, шұғыл түрде медициналық көмекке жүгінген абзал.      

Зауреш Толыбаевна ЕМЖАЕВА,
егу кабинетінің мейірбикесі,
«Жетес би» ауылдық емханасы,
Әйтеке би кенті,
Қазалы ауданы

Сурет www.uaua.info сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (16.08.2015)
Просмотров: 845 | Теги: ЖІЖ, зауреш, профилактика, емжаева, ДДСҰ | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]