Бұл кеселде тромбоцитопенияға байланысты қан кетуге бейімділік байқалады. Тромбоцитопениялық пурпура геморрагиялық кеселдер тобында бірінші орын иеленеді. Дерт шарт бойынша бала жастан басталады. Мектеп жасына қарағанда ерте және мектепке дейінгі жастағы балалар шамамен 2 есе жиі ауырады.
Алдын алу.
Тромбоцитопениялық пурпураның бірінші реттік профилактикасы әлі жасалмаған. Екінші реттік профилактиканың мәні дерттің қайта соғуын (рецидивін) болдырмау. Верльгоф кеселінен жапа шегетін балаларды вакцинациялауда жеке тұрғыдан келу және абайлау қажет. Мектеп оқушылары дене шынықтыру сабағынан босатылады.
Мұндай кеселі бар балалардың күнге қыздырынуына, күн астында көп жүруіне болмайды. Науқастарға тромбоциттердің агрегациялық қасиетін бұзатын препараттар нұсқалмайды (бутадион, индометацин, барбитураттар, кофеин).
Верльгоф кеселімен ауырған балаларға ауруханадан шыққан соң бірінші айда айына екі рет, кейін ай сайын тромобоциттердің саны мен сапасын және қан ағу мерзімін анықтау мақсатында қан талдауы жасалуы керек.
Карлыгаш Ермаганбетовна АБЕНОВА,
мейірбике,
кардиогематологиялық бөлімше,
облыстық балалар ауруханасы
Сурет vitaportal.ru сайтынан алынды
|