Стоматологиялық профилактика бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін өзара толықтыратын ұйымдастырушылық және емдік-профилактикалық сипаттағы шаралардан құралады.
Олар:
- суды фторлау (оны деңгейі л/1 мг-нан төмен болғанда),
- дұрыс гигиеналық режім,
- толыққанды тамақтану.
Балалардың арасында тісжегіні (кариесті) төмендетудегі жоғары ықпалдылыққа балаларды тістерін тазалауға және гигиена құралдарын (тіс щеткаларын-мәсуектерді, тіс пасталарын) таңдауды жеке үйретуде байқалады.
Тіс-жақ ауытқуларын (аномалияларын) ерте анықтау емдеудің ең ықпалды тәсілдері мен бұйымдарын таңдауға ерік береді.
Пародонт және ауыз қуысының шырышты қабығының кеселдері бар балалар пародонтолог дәрігерде емделеді. Сондықтан санитарлық-гигиеналық білімдерді, салауатты өмір салтын насихаттау – профилактикалық әрекеттің маңызды міндеті болып табылады.
Мансия Ахатовна НУРЫМБЕТОВА,
мейірбике,
“облыстық тіс емханасы” РММ
Сурет secretfemale.ru сайтынан алынды
|