Ішек жұқпаларының қоздырғыштарының әр түрлі болуы мүмкін. Олар сыртқы ортаға сырқат адамдардың немесе жұқпа тасымалдаушылардың нәжістерімен, құсу массаларымен, кейде зәрімен түседі.
Ішек жұқпаларын жұқтырудың жиі себептері:
- жеке бас гигиенасы ережелерін сақтамау (әжетханаға барғаннан соң, көшеде қыдырудан кейін, тамақ ішер алдында қолды жуу);
- ластанған қайнамаған суды тұтыну;
- жұқпаланған азық-түліктер (жұмыртқа, сүт, ет), оларды сақтау мен дайындау ережелерінің бұзылуы;
- жұқпаланған тағамдар;
- жуылмаған көкөністер, жемістер;
- қалдық сумен ластанған су көзінде шомылу;
- бацилла тасымалдаушылар;
- балалар ұжымында жұқпа берілуінің контактты-тұрмыстық жолы маңызды – ластанған ойыншықтар, ыдыстар, сүлгі, қызметкердің қолы.
Дерттің ішектік токсикозының жалпы симптомдары және жергілікті біліністері – гастрит, энтерит және колит болып ажыратылып қарастырылады. Профилактикасы өте қарапайым, жеке гигиена, тағамдық азық-түліктерді өңдеу және сақтау ережелерін ұстану болып табылады.
Гулсара Хамитовна ЖАХАНОВА,
мейірбике,
балалар ішек аурулары бөлімшесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы
Сурет xn--80ahbbb3btnhblq.xn--p1ai сайтынан алынды
|