Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Балалардағы сальмонеллез жөнінде

Сальмонеллез – жұқпалы кеселдердің ішіндегі ерте жастағы балалардағы жедел респираторлы – вирусты аурулардан (ЖРВА) кейін көп дамитын жедел ішек инфекциясы. Қоздырғышы сальмонелла – ұсақ қозғалмалы бактериялар, олар суда өте төзімді.
Жұғу жолы: ересектер мен ересек жастағы балаларға тамақ арқылы жұғып, микроб олардың организміне түседі. Емшек еметін сәбилерге сальмонеллез дерті тұрмыстық қарым–қатынас, емізік, ойыншықтар арқылы жұғады. Сальмонеллездің инкубациялық (жасырын) кезеңі бірнеше сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылады.
Ауру ағымы – бала жасына, дертке қарсы тұру күшіне, жұғу жолына, микроб санына байланысты болып келеді. Емшек жасындағы балаларда ауру біртіндеп басталады, әлсіздік, тәбет төмендеуі, дене қызуының көтерілуі, құсу, сұйық нәжіс болады. Кеселдің соңғы күндері балалардың жағдайы күрт төмендеп, олардың дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріледі, нәжісі тәулігіне 10 рет, сулы жасыл түсті болады. 5 – 7 күні нәжісінде кілегей аралас, кейде қан талшықтары кездеседі. Іш өту кезінде организм сусызданып, ауыз және кілегей қабаттары құрғайды, несеп бөлуі төмендейді. Нәрестелерде дерт жалпы белгілермен басталады, дене қызуы тұрақты болып, бала тамақтан бас тартып, салмақ қосуы азаяды. Иммунитеті төмен, шала туған нәрестелерде және жасанды қоректенетін балаларда сальмонеллез жайылған инфекция (сепсис түрінде) немесе басқа ағзалардың зақымдануымен (бауыр, өкпе, бүйрек, ми қабаты) өтеді.

Гулсара Жунисовна СЫЗДЫКОВА,
мейiрбике,
балалар бауыр аурулары бөлiмшесi,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет sovetcik.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (20.01.2015)
Просмотров: 1698 | Теги: сальмонеллез, сыздыкова, гулсара, жұғу жолдары | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]