Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Балалардағы бронх бездерінің туберкулезі

Балаларда бронх бездерінің туберкулезі жиі анықталады. Бронх бездері кеуде клеткасында бронхтар мен ірі қан тамырлары өтетін тұста орналасқан. Ол әсіресе өкпенің түбірінде мол. Туберкулез таяқшалары қан ағысымен сол жерге жиі түседі, нәтижесінде бронх бездерінде қабынулы туберкулез ошақтары пайда болады. 
Кесел әр түрлі формаларда білінеді. Ол кейде тұмау сияқты басталады – баланың дене қызуы жоғарылайды, жөтел пайда болады, алайда мұндай жағдай тұмауға қарағанда барынша ұзағырақ мерзімге созылады. Сондықтан егер жөтел кетпесе және температура жоғары қалыпта қалса, баланы тез арада дәрігерге көрсетіп, оны туберкулезге тексеру маңызды.
Бірақ бронх бездерінің туберкулезі әрқашан жедел басталмайды. Көптеген балаларда, әсіресе оқушыларда кесел біртіндеп дамиды. Созылмалы туберкулездік уыттанудағы сияқты ең алдымен баланың мінез-құлқы өзгереді: бала сылбыр, қырсық бола бастайды, мектептегі сабақтардан шаршайды. Дерт үдеген сайын балада жөтел пайда болады, ол бозарады және жүдейді.      

Алтынай Кулмагамбетовна КОЖАХМЕТОВА,
мейірбике,
балалар бөлімшесі,
облыстық туберкулезге қарсы диспансер

Сурет tuberkulez-simptom.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (07.04.2015)
Просмотров: 1326 | Теги: кожахметова, бронх бездерінің туберкулезі, Алтынай | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]