Сәбилерге массаж жасауды ата-аналардың атқаруы оның ықпалдылығын арттырады. Өйткені бала мен ата-ана арасында тығыз эмоционалдық байланыс орнап, күшейеді. Бұл байланыс визуалдық контакт арқылы нығаяды.
Сондай-ақ емшек сүтін өндіруге қажетті гормон пролактиннің деңгейі артады. Сәби шағында қамқорлық пен жақындықты бойдан кешірген балалар жасөспірімдік кезеңде зорлыққа сирек барады.
Сәбилердің дене қимылын анасының сөзімен сәйкестендіретінін компьютерлік зерттеулер көрсеткен.
Егер ата-ана баласына тұрақты массаж жасаса, олардағы стресс гормоны – кортизонның деңгейі төмендейді.
Көптеген жұмыс істейтін ата-аналар жұмыстан кейін өз балаларына массаж жасаудың босаңсуға ықпал ететінін айтады, әрі олардың шаршағаны лезде басылады.
Табиға Амирбековна ШАМАРАНОВА,
үгу мейiрбикесi,
диагностика бөлiмшесi,
"Амбулаториялық-емханалық қызметi бар
Арал аудандық орталық ауруханасы" ЖШҚ МКК
Арал ауданы
Сурет vk.com сайтынан алынды
|