Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Балаға күн өткендегі алғашқы көмек

Балаға күн өту жаз айларында шақырайған күн астында көбірек уақыт және жалаңбас болу кезінде туындайды. Күн өтудің белгілері: әлсіздік, жүрек айну, бас айналу, қатты терлеу, шөлдеу. Дене температурасы қалыпты немесе аздап көтеріледі.
Мұндай кезде баланың дене температурасын өлшеу керек. Егер температура жоғары болса (39-41оС) және бала терлемесе, онда елеулі зардаптар иеленуі мүмкін ыстық ұру жағдайының болуы ықтимал. Егер температура қалыпты немесе аздап жоғарыласа, төменде сипатталатын алғашқы көмек амалдарына кіріскен жөн.
Егер балада 39-41 оС деңгейіндегі жоғары дене температура болса “жедел жәрдем” шақыру қажет.
Егер баланың дене температурасы 38,5оС-ден жоғары болып немесе жоғарыда айтылған симптомдар 1-2 сағаттан соң кетпесе және тіпті күшейе түссе – тезірек дәрігерге көрсеткен жөн.
Алғашқы көмек
1. Баланы күн тура түсетін орыннан салқын мекен-жайға ауыстырып жатқызу. Денесіндегі киімін шешу.
2. Егер балада құсу болмаса, оған әрбір 10-15 минут сайын су немесе шырын беру.
3. Баланың терісіне ылғалды салқын матаны қойып, желдеткішті қосу немесе сүлгіні желпу керек.     

Багдагуль Ертлеуовна КУНУСБАЕВА,
мейірбике,
реанимациялық бөлімше,
облыстық балалар ауруханасы

Сурет bezopasnost-detej.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (21.06.2015)
Просмотров: 1426 | Теги: алғашқы көмек, кунусбаева, балаға күн өту, багдагуль | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]