Желшешек – жедел инфекциялық ауру, оны “балалар” жұқпалары тобына жатқызады, өйткені, шарт бойынша онымен негізінен 10 жасқа дейінгі балалар ауырады. Желшешек вирусы тек ауа-тамшы жолымен жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлескенде жұғады. Желшешектің жұқпалық көзі - ауру адам, ол тері бөртпелері шыққанға дейін зарарлы.
Жұқпаның жасырын кезеңі 1-3 апта.
Белгілері:
- дене қызуының 39-39,5оС-ге дейін көтерілуі;
- желшешекке тән бөртпе. Алдымен теріде күшті емес тегіс қызғылт дақтар пайда болады. Бірнеше сағат ішінде бөртпе саны күрт артады. Дақтар дөңестенеді және ішіне сұйық толады. Жаңа бөртпелер 3-4 күн ішінде пайда болады;
- бас ауруы;
- әлсіздік.
Желшешек – бұл вирус. Сондықтан оған антибиотиктер әсер етпейді. Мұны тек көпіршіктер іріңдегенде ғана жасайды.
Бөбекті бөртпені қасынудан көңілін алаңдату керек. Қалыпты ағымда желшешек ешқандай емді талап етпейді.
Үрләйім ЕҢСЕПОВА,
мейірбике,
№93 “Балапан” балабақшасы,
“Белкөл” кенті,
Қызылорда қаласы
Сурет misslite.ru сайтынан алынды
|