Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Баладағы туберкулездің алғашқы белгілері (симптомдары)

Балаларда туберкулез әдетте әлсіздіктің пайда болуымен басталады. Олар салмақ қоспайды, ызақорға айналады. Егер бала мектепте оқыса, ол басқа дені сау балаларға қарағанда сабақтан шаршайды, жаңғалақтанады және кейде сабақ үлгірімі нашарлайды. Егер баланың температурасы өлшенсе, оның аздап көтерілуі (37,5оС-ге дейін және кейде одан жоғарырақ) аңғарылады. Сондай-ақ мұндай балаларда лимфа бездерінің ұлғаюы байқалады. Туберкулиндік сынамалар да оңды болады.
Баладағы туберкулездің негізгі формасы – бұл созылмалы туберкулездік уыттану (интоксикация). Балалар туберкулездің дәл осы түрімен жиі ауырады.
Егер баланы мұқият бақылса, аз білінетін белгілерді кезінде аңғарып және сәйкесінше ем берілсе, баланың организмі бұл кеселді түгелдей жеңе алады.   

Алтынай Кулмагамбетовна КОЖАХМЕТОВА,
мейірбике,
балалар бөлімшесі,
облыстық туберкулезге қарсы диспансер

Сурет hnb.com.ua сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (07.04.2015)
Просмотров: 986 | Теги: кожахметова, созылмалы туберкулездік уыттану (ин, Алтынай | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]