Құрысу синдромы организмнің ішкі және сыртқы тітіркендіргіштерге ерекшеліктік емес реакциясы болып табылады. Бұған кенеттен пайда болатын және еріксіз бұлшықет жиырылуларының ұстамалары тән.
Статистикалық деректерге сәйкес балалардағы құрысу синдромы мыңнан 17-25 оқиғаға дейін кездеседі. Мектеп жасына дейінгі балаларда бес рет жиі ұшырасады. Мұнда құрысудың басым бөлігі баланың алғашқы үш жылына тура келеді.
Құрысу синдромындағы бұлшықеттік жиырылулар шектелген (локализацияланған) және кең жайылған (генерализацияланған) сипат иеленеді.
Локалды (парциалды) құрысулар бұлшықеттің белгілі бір тобына таралады. Кең жайылған құрысу ұстамалары пациенттің барлық денесін қамтып, ауыздағы көбікпен, естен танумен, еріксіз дефекациямен және зәр кетумен, тілді тістеумен және кезең сайынғы тыныс алу тоқтауымен бірге жүреді.
Балаларда құрысу синдромының симптомдары ұстама алдында білінеді. Баланың көзі алаң-құлаң етіп, біртіндеп айналадағы әлеммен контактын жоғалтады. Тоникалық фазада баладағы бұл синдромның басының артқа шалқаюымен, жақтардың қарысуымен, аяғының сереюімен, тері жамылғыларының бозаруымен бірге жүруі мүмкін.
Балада көбіне фебрилдік құрысу синдромы ұшырасады. Ол 5 жасқа дейінгі балаларда дене қызуы күрт жоғарылағанда жиі байқалады.
Аякоз Жамаловна КУЛУМБЕТОВА,
мейірбике,
БЦП бөлімшесі,
облыстық балалар ауруханасы
Сурет medic-abc.ru сайтынан алынды
|