Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Баладағы невроз және оның алдын алу

Невроз деп жарақаттаушы факторлардың әсері шақырған баланың психикасының қайтымды бұзылыстарын айтады. 
Неврозда ми  торшалары бұзылмайды, тек олардың қалыпты қызметі уақытша ауытқиды. Сол себепті медицинада неврозды функционалдық бұзылыс дейді. 
Психологтар бала неврозының түп тамыры – отбасында, баланы дұрыс тәрбиелемеуде, оның тұлғасын басып тастауда, бойдан өткерген стресстерде деп көрсетеді.
6 жасқа дейін баланың беті немесе дене бұлшықеті еріксіз жыбырласа, яғни тик болса ата-анасы оны маманға көрсетуі тиіс. Бұл невроздың симптомдарының бірі. 
Егер балада энурез (шыжың, түнде зәр ұстамау) және энкопорез (нәжіс ұстамау) байқаласа бала психиатрының консультациясы қажет. Бұл екі құбылыс та невроздың симптомдары болып есептеледі.
Кекештену мен еріксіз қимылдар сияқты невроздың белгілері ата-аналарды алаңдатуы керек. 
Мектеп жасына дейінгі балалардағы невроздың жиі симптомы ұйқының бұзылуы болып табылады. Егер бала кешкі 9-да ұйқыға жатып үйреніп, кенеттен осылай ұйықтай алмаса, бұл оның ұйқысының бұзылғаны. Сондай-ақ балаларда қараңғыдан және оңаша (жалғыз қалудан) қорқу да невроздың симптомдары болып есептеледі.
Кіші мектеп жасындағы балалардағы невроз белгілері: эмоционалдық тұрақсыздық, көңіл-күйдің бұзылуы, кесірлікке бейімділік, ызалану, қозу және т.б. болып келеді.
Невроздың алдын алу үшін отбасында сау атмосфераның орнауы тиіс. Балаға зейін салып, оның мінез-құлқындағы өзгерістерді ұдайы аңғару керек. Баладағы жүктемені бақылап, оның шаршамауын, ұйқы, тағамдану, тынығу режімін сақталуын қадағалаған жөн.   
   
 

Жамила ДУЙСЕНБИЕВА,
мектеп мейірбикесі,
“Байкенже” ауылы,
Жаңақорған ауданы

Сурет www.courier-ufa.ru сайтынан алынды

 

 
Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (24.08.2015)
Просмотров: 4012 | Теги: алдын алу, дүйсенбиева, жамила, баладағы невроз | Рейтинг: 1.0/2
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]