Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Баладағы ларингоспазм

Ларингоспазм – анық спазмофилияның түрлерінің бірі. Спазмофилия – көбіне ерте жастағы балаларда кездесетін кесел. Бұл организмде кальций деңгейінің төмендеуіне байланысты құрысуларға және нервтік-бұлшықеттік қозуларға бейімділікпен сипатталады. Спазмофилия әрқашан мешелмен (рахитпен) сабақтас.
Лариноспазм – дауыс саңылауының түйілуі (спазмы). Ол бала жылағанда, шыңғырғанда, қорыққанда жиі пайда болады. Дауысты немесе қарлыққан дем алумен және бірнеше секундке тыныс алудың тоқтауымен білінеді. Бұл сәтте бала алдымен бозарады, одан соң көгеру (цианоз) пайда болады және есінен танады. Ұстама терең дыбысты демді ішке тартумен аяқталады (“әтештік шыңғыру”), одан кейін бала әрқашан жылайды, бірақ бірнеше минуттен соң ол қалыпты жағдайға келіп, көбіне ұйықтап қалады.
Барынша ауыр оқиғаларда жүректің тұтқиылдан тоқтауының нәтижесінде өлімнің туындауы мүмкін.
Ларингоспазм медицина қызметкерінің шұғыл көмегін талап ететін жағдай.  

Аккалам Амандыковна ЖУСУПОВА,
мейірбике,
облыстық балалар ауруханасы

Сурет zdravstvuy.info сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (05.04.2015)
Просмотров: 2832 | Теги: аккалам, “әтештік шыңғыру”, рахит, ларингоспазм, жусупова, спазмофилия | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]