Баладағы көптеген кеселдер ата-аналардың немесе кейінірек баланың өзінің гигиеналық нормаларға жете көңіл бөлмеуінен пайда болады. Күнделікті душ қабылдау, қолды ас ішер алдында немесе көшеден келген кезде жуу әдеті, баланың заттарын арнайы бактерияларға қарсы бұйымдармен жуу, одан әрі бұл заттарды үтіктеу сияқты қарапайым ережелерді сақтау денсаулықпен сабақтас көптеген проблемалардан бой тасалауға жәрдемдеседі.
Сондай-ақ ас үйдің тазалығына жете көңіл бөлу, құбырдың суын қайнату, қоқыстарды дер кезінде шығару, ыдыс-аяқты таза ұстау да баланың денінің сау болуына ықпал етеді.
Балалардағы кеселдердің профилактикалық шараларына баланың иммунитетін нығайту бойынша түрлі процедуралар жатады: дәрумендік (витаминдік терапия), шынықтыру, денелік жаттығулар, кейбір жағдайларда – емдеуші дәрігердің нұсқаған иммунды ынталандырушы медициналық препараттары.
Баланың ауырмауына бағытталған ең маңызды профилактикалық шара – педиатр дәрігер нұсқаған кестеге сай жұқпалы ауруларға қарсы егу болып табылады.
Гулмира Жунисбековна САРЫБАЕВА,
массаж кабинетінің мейірбикесі,
облыстық балалар ауруханасы
Сурет vitaportal.ru сайтынан алынды
|