Баладағы гемофилия генетикалық жолмен берілетін кесел. Бұл тоқтауы қиын қан ағулармен білінеді, өйткені қанның ұю жүйесінің кейбір факторлары жетіспейді.
Гемофилияның үш түрі болады.
- А гемофилиясы (антигемофильдік глобуллин VІІІ фактор тапшылығында);
- В гемофилиясы (плазманың тромбопластині ІХ фактор тапшылығында);
- С гемофилиясы (сирек түрі, плазма тромбопластинінің алдыңғы затының ХІ фактордың тапшылығында).
Профилактикасы.
Гемофилия дұрыс емделмесе мүгедектікке, кейде өлімге жетелейді.
“Гемофилия” диагнозы бар барлық балалар мен жасөспірімдердің диспансерлік есепке тұруы қажет. Сырқат балалары бар ата-аналардың оларға күтім жасау ерекшеліктерімен және алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен таныс болуы тиіс.
Ауру бала дене еңбегімен айналыса алмайды, сондықтан барлық күштің интеллектуалдық еңбекке жұмсалуы, баланың қабілеті мен ептілігін дамытуға бағытталуы қажет.
Карлыгаш Ермаганбетовна АБЕНОВА,
мейірбике,
кардиогематологиялық бөлімше,
облыстық балалар ауруханасы
Сурет www.zerkalo.az сайтынан алынды
|