Гастрит – бұл асқазан жақтауының шырышты (ішкі) қабығының қабынуы. Қабыну ұлтабарға өткенде гастродуоденит пайда болады.
Олардың екі түрі ажыратылады: асқазан сөлінің төменгі және жоғарғы қышқылдығымен бірге.
Кесел жедел - алғашқы түрде пайда болып, буырқанып өтеді және созылмалы түрде – ұстамалар аса жиі емес, бірақ тұрақты қайталанады. Егер жедел гастрит емделмесе, ол уақыт өте келе созылмалыға айналады.
Себептері:
- дұрыс емес тамақтану: ащы, ыстық және дөрекі тағамға құмарту, жүйелі тамақтанбау, жүрдім-бардым ас ішу
- стресстер
- Helicobacter pilori бактериясы, кейбір дәрілерді (аспирин, кейбір антибиотиктер) ұзақ қабылдау;
- темекі тарту, алкоголі бар ішімдік ішу
- ішек жұқпалары
- ауыз қуысы мен жұтқыншақтың созылмалы инфекциялары (кариозды тістер, бадамша бездердің қабынуы)
- өт қабының, бауырдың, ұйқы безінің кеселдері.
Гастритте еш себепсіз (көбіне ашқарында) іштің жоғары бөлігінде өткір ауыру, жүрек айну мен құсу пайда болады. Науқас баланы асқазанның қыжылы немесе «қышқылмен» кекіру, іштің кебуі, оның толу сезімі, іш өту мен іш қату мазалайды.
Ауыр гастриттер мен гастродуодениттердің асқазаннан және бүйеннен қан кетумен аяқталуы мүмкін.
Қарын мен ұлтабардың ойық жаралары – гастрит пен гастродуодениттің ең жиі зардаптары.
Ардак Дастановна ТАСМАГАМБЕТОВА,
мектеп мейірбикесі,
№171 Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектеп
Сурет kolombinka.ru сайтынан алынды
|