Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Баладағы дизентерия

Дизентерия – бұл уыттанумен және диспепсиялық бұзылыстармен (іш өтуімен, құсумен, сусызданумен) бірге жүретін жедел ішек инфекциясы. Кесел қоздырғыштарының арасында шигелллалар кең тараған, бірақ дизентерияның ерекше түрі – амебалық дизентерия және амебиаз болады.
Кеселге көбіне 2-7 жастағы балалар шалдығады. Кеселдің таралуына жұқпаланған азық-түліктер, су, баланың лас қолдары, ойыншықтар, шыбындар ықпал етеді.
Дизентерияның жасырын кезеңі 2-6 күнге созылады. Бала нашар хәлге, әлсіздікке шағымданады, тәбет нашарлайды немесе мүлдем жоғалады. Сондай-ақ ұстама түріндегі іштің ауыруы тән.
Дерттің ауыр ағымы тұтқиылдан басталады. Дене қызуы 38-39оС-ге дейін жетеді. Жүрек айнуының және құсудың пайда болуы мүмкін.
Іштегі ауыру күшейеді, туалетке ауыртпалы шақырыс пайда болады. Балада тәулігіне 10-20 рет жиі стул байқалады. Нәжіс сұйық, көкшіл, кілегей, кейде қан араласқан. Стулмен бірге бала көп сұйық жоғалтады. Сусыздану бала үшін қауіпті.
Кейде құрысудың және сана бұзылысының пайда болуы мүмкін. Мұндай белгілер байқалғанда баланың тезірек ауруханаға жатқызылуы тиіс. Үйде тек жеңіл түрлері ғана емделеді.

Гулсара Хамитовна ЖАХАНОВА,
мейірбике,
балалар ішек аурулары бөлімшесі,
облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы

Сурет vitaportal.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (11.04.2015)
Просмотров: 1064 | Теги: амебиаз, белгілері, дизентерия, гулсара, жаханова | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]