Бронхиалды астма – бұл бронхтардың түйілуіне (спазмына), шырышты қабықтың ісінуіне және кілегейдің артық түзілуіне байланысты тұншығудың жедел ұстамаларымен сипатталатын созылмалы кесел. Кеселдің тектік бейімділік иеленуі және балада аллергияның болуы оны шақыруы мүмкін.
Балада ұстаманың 2-5 жаста басталуы ықтимал. Оны аллергенмен контакт, тыныс алу ағзаларының жедел кеселдері, баспа (ангина), физикалық және психикалық жарақаттар шақырады.
Тұншығу ұстамасының алдында хабаршы симптомдар болады: әлсіздік, баланың артық қозуы, ызалану, тентектік, баланың тамақтан бас тартуы мүмкін; тері жамылғылары бозарады, көздері табиғи емес жылтырайды, қарашықтары кеңейеді; тамағы жыбырлап, түшкіреді, мұрыннан сулы бөліністер шығады, жөткірінеді, еркін қиналыссыз тыныс алу фонында құрғақ сырыл естіледі. Мұндай жағдайдың бірнеше минуттен бірнеше тәулікке созылуы мүмкін.
Ересек жастағы мектеп оқушылары кіші жастағы оқушыларға қарағанда бұл симптомдарды бастан жеңіл өткізеді, өйткені олардың тыныс алу жолдары барынша ашығырақ.
Ұстамалар тәбет жоғалтуды, жоғары тершеңдікті, көз алдындағы теңбілдерді шақырады. Тыныс алу біртіндеп еркін бола бастайды, жөтелгенде қою, жабысқақ, ақшылдау түсті қақырық бөлінеді. Біраз уақыттан соң баланың жағдайы жақсарады, бірақ науқас ұдайы дімкәстануға шағым айтады.
Астматикалық статус деп емдеуден кейін де тұншығудың кетпеу жағдайын айтады.
Ұстаманың алдын алу үшін созылмалы жұқпаларды және аллергиялық жағдайларды емдету қажет.
Кунсулу Камаловна КУДАЙБЕРГЕНОВА,
мектеп мейірбикесі,
№253 орта мектеп
Сурет yazdorov-48.ru сайттан алынды
|