Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Бала босанудан соңғы эндометрит

Бұл бала босанудан соңғы кезеңдегі ең жиі жұқпалық (инфекциялық) асқыну. Оның жедел және жасырын формада болуы мүмкін.
Бала босанудан соңғы эндометриттің жедел формасында босанудан кейінгі 2-5-ші тәулікте дене қызуы көтеріледі, қалтырап-дірілдеу, іштің төменгі бөлігінің ауыруы пайда болады, лохиялар шіріген түр және иіс иеленеді. Әйелдің жалпы жағдайы уыттану (интоксикация) дәрежесіне тәуелді болады. Жатыр баяу жиырылады, оны ұстап көргенде ауырмалы. 
Емдеуде үдерісті (процессті) мүмкіндігінше тезірек локализациялау керек. Бұл мақсатта іштің төменгі бөлігіне суық қойылады. Төсектік режім нұсқалады. Антибиотиктер тағайындалып, анық білінетін уыттануда инфузиялық және десенсебилизирлеуші терапия жүргізіледі. Жатырды жиыратын бұйымдар, дәрумендер енгізіледі.   

Гулназ Оразбековна ТИЛЕУБАЕВА,
аға мейірбике,
жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесі,
“Ана мен бала орталығы”

Сурет krokha-i-mama.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (10.04.2015)
Просмотров: 1207 | Теги: Гулназ, бала босанудан соңғы эндометрит, лохиялар, тилеубаева | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]