Адамдардың бәрінде түгелдей өткізілуі тиіс басты профилактикалық шара – бұл ауыз қуысына гигиеналық талаптарға сай күтім жасау. Оның негізгі мақсаты тістегі жұғындыны, тамақ қалдықтарын алып тастау, сондай-ақ ауыз қуысының ағзалары мен тіндеріне оңды әсер ететін бұйымдарды (Ғ, Са) енгізу. Тісті тазалау кезінде қызыл иекке жүйелі массаж жасау оның тіндеріндегі қан айналымын жақсартады. Тіс щеткасы (мәсуек) отбасының әрбір мүшесінде жеке дара болуы тиіс. Оларды көптеген фирмалар өндіреді және бір-бірінен қаттылығымен, шоғырының биіктігімен және орналасуымен, пошымымен, өлшемімен (баланікі, ересектікі), мақсатымен (ортодонтикалық) ерекшеленеді.
Тіс щеткасын таңдауда аса ыждағатты болған жөн. Алайда ол тістің бетінен, тілден, жақтан жұғындыны тек механикалық тұрғыда қуады. Химиялық тазарту тіс пастасының көмегімен жүзеге асырылады. Оның да қолдану мақсаттарына байланысты түрлері көп.
Тағы бір профилактикалық амал – тамақ ішкенннен соң ауыз қуысын сумен немесе арнайы ерітінділермен, тістік элексирлермен шаю.
Алмакуль Касымбековна ЖУМАНОВА,
мейірбике,
“облыстық тіс емханасы” РММ
Сурет www.megamedportal.ru сайтынан алынды
|