Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Ауыз қуысының гигиенасы

Ауыз қуысының гигиенасы ережелерін сақтаған ауыз сау, ал тыныс – жаңа және жағымды болады.
Егер қызыл иек мәсуекпен (тіс щеткасымен) немесе тіс жібімен тазалау кезінде ауырса және қанаса, ауыздан жағымсыз иіс шықса, онда стоматологқа қаралыңыз.
Тіс пен қызыл иектің саулығына керек шарт – бұл ауыз қуысының дұрыс гигиенасын сақтау. Ауыз қуысының жағдайына тұтастай организм тәуелді болады.
Күнделікті профилактика, оның ішінде тісті мәсуекпен және тіс жібімен тазалау ауыз қуысы кеселдерінің дамуының жолын кеседі.
Стоматологқа тұрақты қаралу арасында кариестің, пародонтиттің және ауыз қуысының басқа кеселдерінің даму қауіпін анағұрлым азайтатын қарапайым ұсыныстар:
-тістерді күніне екі рет мәсуекпен және күнделікті тіс аралығы кеңістігін тіс жібімен тазарту;
- тағамданудың теңестірілген режімін ұстану;
- ауыз қуысының күтімі үшін фторы бар азық-түліктерді пайдалану, оның ішінде құрамында фторы бар тіс пастасын қолдану;
- стоматологтың нұсқауы бойынша ауызды фторы бар шайғыштармен шаю.  

Кулайхан КАДИР,
жоғары санатты тіс дәрігері,
“Дентомед” ЖШС,
Жаңақорған ауданы

Сурет www.asstom.ru сайтынан алынды

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (11.04.2015)
Просмотров: 4013 | Теги: кадир, ауыз қуысының гигиенасы, кулайхан | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]