Ауыз қуысын кәсіби тазартуда тістің барлық беттеріндегі жұмсақ және қатты шөгінділер алып тасталады және кейін жалтыратып тегістеледі.
Тістегі түйіндіктер мен шөгінділерді алып тастаудың бірнеше тәсілдері бар:
- қолмен атқарылатын тәсіл. Арнайы қолдық (мануалдық) ептілігі бар дәрігер аспаптарды қолданып мұны оңай жасай алады.
- химиялық тәсіл. Шылымқорлардағы қатты тығыз тіс шөгінділерін жұмсартуға, оларды барынша борпылдақ құрылымға айналдыруға негізделген.
- ауалық-абразивтік тәсіл (“Air-Flow” әдісі). Бұл аппаратта қайрақтық (абразивтік) әр түрлі формадағы ұнтақтарды қолданып сулық-ауалық-абразивтік ағын пайдаланылады. Оны әлсіз бөлінетін дақтануда (пигментацияда) және ультрадыбыстық аппараттарды қолданғаннан кейін тістің бетін тегістеуге пайдаланады.
- ультрадыбыстық тәсіл. Ол аз уақыт талап етеді және жұмсақ тіндерді жарақаттауы төмен, микробқа қарсы эффект иеленеді. Қол жетуі қиын тұстарда ықпалды, бірақ қосымша тегістеуді талап етеді.
Мансия Ахатовна НУРЫМБЕТОВА,
мейірбике,
“облыстық тіс емханасы” РММ
Сурет naedine-n.ru сайтынан алынды
|