
Ауруханаішілік жұқпа (АІЖ) – бұл емдеу-алдын алу мекемесінде болумен, емделумен, тексеруден өтумен сабақтас пациенттегі немесе медицина қызметкеріндегі микробтық тектегі кез келген кесел. Ауруханішілік жұқпа көздерінің медицина қызметкері, жұқпаның жасырын түрлерін тасымалдаушылар, шаң, су, азық-түлік, жабдықтар мен құралдар болуы мүмкін.
АІЖ-ға ауруханада науқастардың шамадан тыс көп болуы, медицина қызметкерлерінің асептика және антисептика ережелерін, жеке бас гигиена талаптарын сақтамауы, ЕПМ-де дезинфекциялық бұйымдардың жетіспеуі, медициналық аспаптарды, аппараттарды, құралдарды және с.с. дезинфекциялау мен стерилизациялау режімінің бұзылуы жетелейді.
Нәтижесінде аурухана ішінде сырқаттанушылар көбейеді, індет ошағы пайда болады. Сол себепті АІЖ-ның таралуының жолын кесу үшін мақсатты шаралар ұдайы атқарылып, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтіледі.
Гулсара Абдрахмановна ДАРМЕНКУЛОВА,
мейірбике,
залалсыздандыру бөлімшесі,
облыстық медицина орталығы
Сурет hospital.medportal.ru сайтынан алынды
|