Пациенттің құлауы оның жарақат алуының ең жиі себептерінің бірі болып табылады. Соған байланысты жарақаттанудың алдын алу үшін төмендегі ережелердің қатаң сақталуы тиіс:
- пациенттердің ылғалды еденде жүруіне болмайды;
- пациент қозғалатын жолда бөгде заттардың болмауы тиіс;
- бас айналуынан, әлсіздіктен жапа шегетін пациенттердің жанында міндетті түрде мейірбике немесе басқа адам болуы керек;
- пациентті керуеттен тасушы арбаға салар алдында оның тежегіші болмаса ерекше сақтық шаралары қажет;
- пациентті кресло-тасығышта қозғалту кезінде оның тежегіші болмаған жағдайда бұл манипуляцияны көмекшімен бірге екеулеп атқарған жөн;
- пациент өз бетінше қозғалатын болса оның жолында жарықтың жеткілікті болғаны жөн.
Наталья Валерьевна КИМ,
Динара Галимжановна ЗАУЫТБЕКОВА,
№7 ерлер бөлімшесінің мейірбикелері,
облыстық психоневрологиялық аурухана
Сурет www.xn--80aaffbfweziqahbfof4aff0yma.xn--p1ai сайтынан алынды
|