Астан уланулар – бұл микроорганизмдердің белгілі бір тобымен жаппай зарарланған немесе микробтық және микробтық емес текті уытты заттары бар тағамдарды тұтыну нәтижесінде туындайтын жедел (сирегірек - созылмалы) кеселдер.
Улану белгілері әрқашан ас қабылдаумен нақты байланысты (әр кезде “кінәлі” азық-түлік болады), сондықтан бір және сол тамақты жеген адамдар бір мезгілде ауырады. “Кінәлі” азық-түлік тұтынбаған адамдар (бақылау тобы) ауырмайды.
Белгілері: асқазандағы ауыру, жүрек айну, құсу, жалпы хәлінің нашарлауы, бұған кейін стулдың бұзылысы (диарея) қосылады.
Алғашқы медициналық көмек:
- асқазанды түтіксіз жуу;
- адсорбенттер;
- іш босату дәрілері (диарея болмағанда);
Науқасқа мүмкіндігінше көбірек сұйық қабылдау қажет. Бұл кезде шырыннан, газдалған және тәтті сусындардан бас тартқан жөн, өйткені олар жалпы жағдайды нашарлатады. Тек таза суды немесе қант қосылмаған шәйді ішу нұсқалады.
Жүрек айну сезімін суға лимон шырынының бірнеше тамшысын қосу арқылы аздап төмендетуге болады.
Құсу мен диарея организмнің, әсіресе бала организмінің өте тез сусыздануына жетелейді. Сұйықты жоғалтудың науқастың жалпы жағдайын күрт нашарлатуы және сырқатты қуатынан айырып әлсіретуі мүмкін.
Сулық-тұздық тепе-теңдіктің орынын толтыру үшін регидрон сияқты арнайы сұйықты қолдануға болады.
Дене температурасының жоғарылауы кеселдің жұқпалық (инфекциялық) сипатын білдіреді және бұл кезде дәрігердің консультациясы талап етіледі.
Айна Тилекбаевна БАИЛИЕВА,
мейірбике,
№2 бөлімше,
Қызылорда қалалық дәрігерлік жедел жәрдем стансасы
Сурет safari-perm.ru сайтынан алынды
|