Қызылорда облысы медицина қызметкерлерінің сайты


Дәрігер мен мейірбике мақалалары


Асқазанның және ұлтабардың ойық жараларының белгілері

Гастродуонденалдық ойық жаралардың негізгі симптомдары: тамақ ішумен немесе сода қабылдаумен алып тасталатын эпигастрия аумағындағы ауыру; асқазан қыжылы, ас қорыту фазасынан тыс кезде байқалатын диспепсиялық синдром, іш қатуы болып келеді.
Ауыру ас ішкеннен кейін 1-2 сағаттан соң пайда болып, 1,5-3 сағатқа созылады. Науқас кейде ауыру себепті түнде ұйқысынан оянады.
Ауыру сипатының өзгеруі асқынулардың даму белгілері болуы мүмкін. Тамақ ішуден және антацид қабылдауден соң кетпейтін, арқаға берілетін (иррадацияланатын) тұрақты ауыру ойық жараның пенетрациясы (ұйқы безіне) туралы дабыл болуы мүмкін.
Ас ішкенен соң күшейетін және (немесе) құсумен бірге жүретін ауырулар асқазанның сыртқа шығар бөлімінің тарылуының (стенозының) дамуын көрсетеді.
Іштегі қысқа мерзімді күшті немесе жайылған ауыру ойық жараның құрсақ қуысына тесілуіне (перфорациясына) тән.

Тымар Избасаровна МЫКТЫБАЕВА,
терапевтік аймақ мейірбикесі,
“№3 қалалық емхана” ШЖҚ МКК

Сурет www.liveinternet.ru сайтынан алынды

 

 

Категория: орта буын медицина қызметкерлерінің мақалалары | Добавил: психолог (24.03.2015)
Просмотров: 914 | Теги: ойық жара кеселі, мыктыбаева, белгілері, тымар | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Добавлять комментарии могут только зарегистрированные пользователи.
[ Регистрация | Вход ]